Қазақстанның көкпаршылары Түркиядағы жарыста жеңіске жетті

АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - Көкпардан Түркияда аяқталған халықаралық жарыста Қазақстан командасы жеңіске жетті.  Бұл туралы «Түгел» баспасөз орталығынан хабарланды.
None
None

Түркияның Динизлиде қаласында 11-15 қазанда көкпардан халықаралық жарыс өтіп, онда қазақстандық команда жеңіске жетті. Команданы Қазақстан Республикасы ұлттық ат спорты федерациясының президенті, ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Садыбек Түгел бастап барды.

«Спорттың бұл түрінде шапшаңдық, күш, батылдық пен ептілік сынға түседі. Көкпар - қазақтың ең тамаша ат спорты. Ол тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия халықтарында да кеңінен таралған», - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар