Қазақстанның көлік-транзиттік мүмкіндігі Венада ЕҚЫҰ алаңына ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық көлік дәлізі аймағы елдерінің сауда, көлік саласындағы серіктестігін дамыту мәселесі Венада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) алаңына шығарылып талқыланды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

Талқылауға ЕҚЫҰ елдерінің, Қазақстандағы ЕҚЫҰ бағдарламасы кеңсесінің, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (UNECE), Баку халықаралық теңіз сауда портының өкілдері қатысты.

Сессияда ЕҚЫҰ аймағындағы тасымалдауды табысты дамыту тәжірибесі жөнінде «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры С. Анашкин сөз сөйледі.

Ол сөзінде ЕҚЫҰ қатысушы елдердің «Жаңа Жібек жолы» бағдарындағы және Қазақстандағы транзиттік тасымалды ынталандырудың бағдарламалары мен Еуразиялық көлік-логистикалық хабін жасақтау мәселесі туралы әңгімеледі.

Қазақстанда логистикалық шоғырландыру тірек желілері мен жүк ағындары дистрибуциясы мен жеке секторды пайдалана отырып инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қолайлы жағдайлары жасалуда.

Азия, Еуропа, Түркия және Парсы шығанағы елдерінде мультимодальдық шешімдерді қолдану және логистикалық қызметті жетілдіру арқылы контейнерлік қызмет түрі белсенді дамуда.

С. Анашкин Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен тасымалдауды ұйымдастыру (ТКХБ), ТКХБ Үйлестіру кеңесінің Каспий және Қара теңіз жағалауы елдерінің инфрақұрылымдық хабін мультимодальдық пайдалану тиімділігін көтеру барысына тоқталды.

ЕҚЫҰ сарапшылары Еуропа-Азия бағдарындағы жүк ағынына сұраныстың арта түскендігіне орай, кедендік бақылау мен экспорттық- импорттық операциялар мерзімін жеделдетіп, ресімін жетілдіру керек екендігін атап өтті.

Кездесуде логистика, машина жасау, коммуникациялық ақпараттық жүйедегі жергілікті бизнес өкілдерімен кездесуде австриялық әріптестермен өзара серіктестікті дамыту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Оның сыртында, сервистік қызметті жаңғырту мен ақпараттық қолдау жобаларының болашағы да талқыланды.

Соңғы жаңалықтар