Қазақстанның коммунистік халық партиясы «Мен сізге жазамын...» деген тақырыппен кезекті сайлауалды акциясын өткізді

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазақстанның коммунистік халық партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық комитеті «Мен сізге жазамын...» деген тақырыппен кезекті сайлауалды акциясын өткізді»,
None
None

деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

 Бұл жолы коммунистер партиясының өкілдері қалың көпшіліктің назарын өздерінің қоғамдық қабылдау қызметін аударды. Партия өкілдерінің айтуыларынша, партияның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалына күніне 10 адам келеді. Олар көбіне өздерінің тұрғын үй мәселелерін шешу мен балаларын балабақшаға орналастыруға қолұшын созуды сұрайды. Қоғамдық қабылдау қызметіне, әсіресе

тегін заңдық, құқықтық ақыл-кеңес беруді сұрап келетіндер көп. Ал мамандар тұрғындарға заңға  сай тиісті түсініктемелер беріп, ресми органдарға қалай өтініштер мен шағымдарды жазу қажетігін үйретеді.

Акция өткен күні тұрғындардың көбіне қалалық сот пен прокуратураға қалай өтініш білдіру қажеттігі жөнінде әңгімелер болды.

Соңғы жаңалықтар