Қазақстанның көптеген аймақтарында күн ашық болады - Қазгидромет

ТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген аумағы салқын ауа ағымының ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Орталық және шығыс аудандарда түнде суытып, тұман түсуі ықтимал.
None
None

Маңғыстау, Атырау Батыс-Қазақстан облыстарында қатты жел тұрып, түнде топырақ беті тоңазиды. Синоптиктердің мәліметінше, аталған облыстарда дүйсенбі күні үдемелі жел соғып, оның екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Батыс-Қазақстан облысының кейбір аудандарында, мамандардың айтуынша, жауын жауады. Облыс бойынша ауаның температурасы күндіз 14-16 градус нөлден жоғарыны көрсетеді.

Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда облыстарында жауын болмайды. Күндіз 21-23 градус жылы болады.

Соңғы жаңалықтар