Қазақстанның көптеген аймақтарында күшті жел тұрады

ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Қазақстанның солтүстік және оңтүстік аудандары циклон мен атмосфералық фронтальды ауа бөліктердің ықпалында болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Республиканың қалған аймақтарында ауа райы жылы және жауын-шашынсыз болады», - делінген таратылған хабарламада.
None
None

Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының жекелеген аудандарында ұйытқымалы жел соғады, күші 18 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталығының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

20 қыркүйек, сейсенбі күні Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік облыстарында нөсер болуы ықтимал, - деп хабарлайды «Қазгидромет».

Соңғы жаңалықтар