Қазақстанның көптеген өңірінде демалыс күндері жаңбыр және бұршақ жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы атмосфералық ауа ағындарының ықпалында болады, салдарынан ауа райы құбылып тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None

Синоптиктердің болжамынша, бұлттардың ықпалымен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты нөсер жауып, Қазақстанның оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. 26 маусым түнде солтүстік-батыста топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Температурада айтарлықтай өзгеріс жоқ.


Соңғы жаңалықтар