Қазақстанның күш-құрылымдарында - жаңа тағайындаулар

АНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республиканың күш құрылымдарының басшыларын тағайындау туралы бірнеше Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Мемлекет басшысы «Н. Әбіқаевты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Нұртай Әбіқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 15 сәуір. № 57

Абыкаев Нуртай Абыкаевич  Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы, 1947 жылы 15 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауылы, Жамбыл ауданында туған.

Свердловск қ. (қазіргі Екатеринбор) Уральск политехникалық институтын, Алматы Жоғары партия мектебін, РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

1970-1972 жж. - Кеңес Армиясы офицерлік құрамында қызметте.

1972-1976 жж. - Алматы ауыр машина жасау зауытының инженер-конструкторы.

1976-1984 жж. - жауапты партия-кеңес жұмысында.

1984-1990 жж. - Қазақстан Министрлер кеңесі төрағасының және КП ОК бірінші хатшысының көмекшісі.

1990ж. мамыр-1991ж. маусым - Қазақ КСР Президенті аппаратының басшысы.

1991ж. маусым-1994ж. маусым - Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының және Министрлер кабинетінің басшысы.

1994ж. маусым-1995ж. қазан - Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының басшысы.

1995-1996 жж. - Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Швеция Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Ирландия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

1996-1998 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісі.

1998-1999 жж. - Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасы.

2000-2002 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

2002-2004 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2004-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы.

2007-2008 жж. - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2008ж.-2010ж. тамыз - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

2010 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі.

2011 жылғы 15 сәуірде Елбасы Жарлығымен осы лауазымға қайта тағайындалды.

Экономика ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Дипломатиялық рангі - Төтенше және Өкілетті Елші. Әскери атағы - генерал-майор. ҚР ҰҚК құрметті қызметкері.

Қоғамдық қызметі: ҚР Волейбол федерациясының президенті, ҚР Гольф ұлттық ассоциациясының президенті, Ұлттық жаратылыстану академиясының президенті.

Наградалары: "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев", "Парасат", "Орден Дружбы" (Ресей), "Орден Почета" (Ресей) ордендері және медальдары.

Үйленген. Екі ұлы, қызы және бес немересі бар.

Мемлекет басшысы «А.Қ. Дауылбаевты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Асхат Қайзоллаұлы Дауылбаев Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 15 сәуір

№ 58

Даулбаев Асхат Кайзуллаевич Дауылбаев Асқат Қайзоллаұлы, Ақтөбе қаласында 1962 жылы 22 қарашада дүниеге келді.

1980 жылы мектепті аяқтаған соң Ақтөбе қаласындағы «Динамо» бірлестігіне жұмысшы болып орналасты.

1981 жылдан 1983 жылға дейін КСРО-ның Қарулы Күштерінде әскери борышын өтеді.

1983 жылы Свердловск қаласындағы заң институтының сот-прокурорлық факультетіне түсті.

Оны 1987 жылы өте жақсы бағамен бітіргеннен кейін Алматы қаласы прокуратурасына стажер болып жұмысқа қабылданды, кейін тергеуші, Октябрь ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Калинин және Октябрь аудандары прокурорларының орынбасары және қалалық прокуратураның бөлім бастығы болды.

1994 жылдың ақпан айында Алматы қаласы Төрелік сот төрағасының орынбасары болып тағайындалып, содан кейін осы жылдың тамыз айында Бас прокуратураға қызметке ауысты.

1994 жылдың қараша айынан 1997 жылға дейін Бас прокуратураның Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі басқармасының бастығы болды.

1997 жылдың қараша айынан Үкіметтің Қаулысымен Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі болып тағайындалды.

1999 жылдың ақпан айынан Вице-Президенті - «Қазақтелеком» ААҚ-ның Бас әкімшілік директоры болды.

1999 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентіне депутат болып сайланды. Парламент аралық ТМД ассамблеясының құқықтық мәселелері жөніндегі комиссиясының тұрақты Төрағасы, сонымен қатар «Әділет» сот-құқықтық реформалар мәселелері жөніндегі депутаттар тобының жетекшісі болып табылды.

2001 жылы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болды.

2011 жылғы 15 сәуірде елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының бас прокуроры қызметіне тағайындалды.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі орындағаны, ұлттық қауіпсіздік және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін 2 дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды. Сонымен қатар оның еңбегі «Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Темір жолына 100 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтой медальдарымен атап өтілді.

Спортшы, классикалық күрестен КСРО-ның спорт шебері.
2006 жылы заң ғылымдарының кандитаты ғылыми атағын алды.

Мемлекеттік 3-ші дәрежелі әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.

Үйленген, үш ұлдың әкесі.

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Жоғарғы сотының төрағасы қызметіне Бектас Бекназаровтың кандидатурасын ұсынды.

«Б.Бекназаровтың кандидатурасы барлық талаптарға сай келетінініне, оның сіздер мен біздің сенімімізді ақтайтынына сенемін», - деді Н.Назарбаев.

Депутаттар дауыс беру қорытындысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы қызметіне Б.Бекназаровтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Бекназаров Бектас Абдыханович Бекназаров Бектас Әбдіханұлы, 1956 жылы 12 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген.

31 жылғы еңбек тәжірибесі бар, соның ішінде 25 жылдан астам уақыт сот қызметінде болған.

Заңгер мамандығы бойынша өзінің еңбек жолын 1978 жылы Жамбыл қаласы Орталық аудандық халықтық сотының сот орындаушысы қызметінен бастаған, 1981-1983 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің әділет бөлімінде кеңесші болып істеген, 1984-1990 жылдары Жамбыл облысы Жуалы аудандық халық сотының судьясы қызметін атқарды, 1990-1997 жылдары Жамбыл облыстық соты төрағасының орынбасары, 1997-2000 жылдары Жезқазған облыстық сотының төрағасы, 2000 жылы Алматы облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы, 2002-2006 жылдары Атырау облыстық сотының төрағасы, 2006-2009 жылдары Алматы қаласы мамандандырылған қаржы сотының төрағасы қызметтерін атқарған. 2009 жылдың 13 сәуірінде Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.

2011 жылдың 15 сәуірінде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы болып тағайындалды.

Судьяның бірінші біліктілік класына ие. Заң ғылымдарының кандидаты.

Сот жүйесіндегі көп жылғы және адал қызметі үшін бірнеше рет мемлекеттік марапаттар және құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалдарымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум