Қазақстанның мемлекеттік секторының сыртқы қарызы алғашқы тоқсанда 30 млрд. 660 млн. долларды құрады

АЛМАТЫ. 12 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның мемлекеттік секторының сыртқы берешегінің 437 млн. доллары қысқа мерзімді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің Төлем балансы және валюталық реттеу департаметінің Әдістеме және талдау басқармасының бастығы Наталья Чабина бүгін Алматыда БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылған семинар кезінде айтты.
None
None

«31 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанның мемлекеттік секторының сыртқы борышы - 30 млрд. 660 млн. долларды құрайды. Оның 30 млрд. 223 млн. доллары ұзақ мерзімді. Ал мемлекеттік басқару органдарының 4 млрд. 656 млн. доллар қарызы түгелдей ұзақ мерзімді»,- дейді Н.Чабина. Оның айтуынша, орталық банктің 534 млн. долларлық қарызының 17 миллионы қысқа мерзімді. Ал банктердің 5 млрд. 775 млн долларлық борышының 56 миллионы қысқа мерзімді. Өзге сектордың 16 млрд. 549 млн. долларлық қарызының 364 миллионы қысқа мерзімді. Тікелей инвестициялар: фирмааралық берешек - 3 млрд. 145 млн. доллар.

Наталья Юрьевнаның сөзіне қарағанда: «Қазақстанның 139 млрд. 953 млн. долларлық сыртқы қарызының - 8 млрд. 936 миллионы қысқа мерзімді. Ал жалпы борыштың - 109 млрд. 294 миллионы жеке сектордың, 6 млрд. 928 миллионы - банктердің, 35 млрд. 894 миллионы - өзге секторлардың үлесінде. Ондағы қысқа мерзімдік қарыз жеке секторда - 8 млрд. 500 млн., банктерде - 1 млрд. 314 млн., өзге секторларда - 7 млрд. 186 млн. долларды құрайды».

Соңғы жаңалықтар