Қазақстанның өнер жұлдыздары Алматыда сел салдарын жою үшін № 187 мектепке 465 мың теңге тапсырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алматы бірлігі» шарасы барысында жиналған қаражат сел салдарынан зардап шеккен № 187 мектеп директорына берілді. Бұл туралы «All Давай» тобының әншісі, шараға қатысушылардың бірі Шоқан Маратұлы Instagram-дағы парақшасына жазды.
None
None

«465 мың теңгені салтанатты түрде мектеп директоры Әсем Әуелбаева мен аудандық білім бөлімі басшысының м.а. Гүлмира Жомартбайға тапсырдым. 187-ші мектепті сел салдарынан арылту үшін КамАЗ-дарды бірге жалдап жатырмыз», - деп жазды әнші.

Ол сондай-ақ, ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова «Алматы бірлігі» акциясы туралы естіген соң, қолдау қорына 100 мың теңге бергенін жазды.

Соңғы жаңалықтар