Қазақстанның оңтүстігінде тұман, көктайғақ және қатты жел болады
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
Антициклон Қазақстанның солтүстігі мен шығысында да өз күшін сақтайды. Республиканың қалған аумағы циклонның әсерінде болады, жекелеген аудандарда қар жауып, боран болады, оңтүстік өңірде - жауын-шашын болады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, делінген ведомство хабарламасында.
Алматы, Қызылорда облыстарында - тұман, көктайғақ күтілуде. Ал Жамбыл, Маңғыстау облыстарының да кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-22 метр/секундты шамалайды. Жамбыл облысында күндіз желдің екпіні 27 метр/секундқа дейін жетуі мүмкін, дейді синоптиктер.
Оңтүстік Қазақстан облысында - кей жерлерде тұман болады, желдің екпіні 15-20 метр/секундқа жетеді. Атырау облысында жел күшейіп, кей жерлерде оның екпіні 15-20 метр/секундты шамалайды. Ақтөбе, Қостанай облыстарында боран болады, 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел тұрады, Ақтөбе облысында сондай-ақ, көктайғақ күтілуде. Ақмола облысының кей жерлерінде сырғыма болады, күндіз желдің екпіні 15-20 метр/секундқа жетеді. Ал Батыс Қазақстан облысында, күндіз Қарағанды облысында - кей жерлерде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстанда 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады, түнде кей жерлерде тұман болады деп күтілуде.