Қазақстанның оңтүстігіндегі тауларда қар көшкіні болуы ықтимал - Қазгидромет

АЛМАТЫ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК бүгін таратқан ескертуге назар аудартады.
None
None

28-29 ақпан күндері жауынның түсуімен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аумақтарында қар көшкіні болуы ықтимал. ТЖД қала тұрғындары мен туристерден таулы аумақтарға серуендеуге және сайхаттауға шықпауды сұрап отыр.

Төтенше жағдайлар болған немесе оның қаупі туындаған жағдайда Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 274 22 19, 101, 112, 109 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

Соңғы жаңалықтар