Қазақстанның орталық, солтүстік және шығыс өңірлерінде салқын ауа райы сақталуда

ал орталық, солтүстік, шығыс облыстарда салқын ауа райы сақталуда. Республиканың оңтүстік бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болады, кейбір жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, ұйтқып жел соғады, деп хабарлайды Қазгидрометтің мәліметіне сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, түнде Алматы облысының кейбір жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықтағы жел соғады.
Маңғыстау облысының кейбір аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, жағалауларға тұман түседі. Алматы облысының таулы өзендерінде 7-10 мамыр аралығында қатты жаңбыр салдарынан су деңгейі көтеріледі деп күтілуде, жекелеген өзендерде су тасуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстанда таулы аумақтардағы өзендерде су деңгейі көтеріледі.