Қазақстанның парламенттік делегациясы Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) кезекті сессиясының жұмысына қатысуда
Айт кетейік, қазанның 4- мен 8-і аралығында өтетін сессияның күн тәртібіне Еуропадағы сығандар жағдайы, Украинадағы демократиялық институттардың ахуалы, Молдовадағы сайлауды байқау нәтижелері, экстремизммен күрес, балалар құқығын қорғау туралы жарыссөз енгізілген.
Сонымен қатар, бірқатар халықаралық экономикалық ұйымдардың, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі мен Еуропа Кеңесінің даму банкінің 2009 жылғы қызметі парламентшілердің талқысына ұсынылады.
Одан басқа сессия аясында Ассамблеяның вице-президенті мен Бас хатшысын сайлау болады.
Парламентаралық байланыстарды нығайту мақсатында қазақстандық делегацияның басшысы А.Судьиннің Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Президенті Мевлют Чавушоглумен кездесуі жоспарланып отыр.