Қазақстанның Премьер-Министрі астаналық аэрекция стансасының жұмысымен танысты
«Астана су арнасының» басшысы Уәлихан Досаевтың айтуынша, стансада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде оның тиімділігі артқан.
«Стансаның су тазарту қуаты - тәулігіне 136 мың текше метр. Мұнда сумен қамту және су бұру жұмыстары жапондық грантпен жүргізіледі. Сорғы құрылғысы мен механикалық бөлім түгелдей жаңартылды. Соның нәтижесінде едеуір энергия үнемделіп келеді. Бұрын сағатына 16 мың кВт энергия жұмсалса, қазір 13 мыңды құрайды», - деді У. Досаев.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы «Талдыкөл сарқынды су жинақтау қоймасын жою» жобасымен танысты. Жоба құрылысының жалпы сомасы 61,8 млрд. теңгені құрайтын екі кезектен тұрады, олардың жүзеге асырылу мерзімі 2011-2015 жылдар аралығы.
Аталған жобаны жүзеге асыру тазартылған ағын суларды шаруашылық мақсаттағы нормаларға дейін жеткізіп, Талдыкөлді сарқынды су жинақтау қоймалары жүйесінен шығаруға мүмкіндік береді. Бұл Есіл өзені арнасының толысуына және Талдыкөлдің аумағын қазіргі 2000 гектардан 400 гектарға дейінгі бұрынғы қалпына келтіруге септігін тигізеді.