Қазақстанның Премьер-Министрі VI Байкал экономиканың форумының жұмысына қатысты
Пленарлық мәжілістің ашылуында сөз сөйлеген К.Мәсімов, Қазақстан мен Ресейдің арасында көптеген экономикалық бағыттар мен жобалар бойынша байырғы және тиімді өзара іс-қимыл орнатылғанын атап көрсетті.
«РФ Президенті Дмитрий Анатольевич Медведевтің дәл бүгін шекара ынтымақтастығы форумы өтіп жатқан Қазақстанда сапармен жүруінің және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен екіжақты ынтымақтастықтың нақты, іс жүзіндегі мәселелерін талқылауының өзіндік маңызы зор», - деп атап көрсетті К.Мәсімов өз сөзінде.
Байкал экономикалық форумының аясында Кәрім Мәсімов РФ Федералдық Жиналысы Федерациялар Кеңесінің төрағасы Сергей Мироновпен кездесті.
Қазақстан Премьері сондай-ақ, Ангар электролиз химиялық комбинатында болды, «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Сергей Кириенкомен және «АЭХК -Ангар электролиз химиялық комбинаты» ААҚ-ның бас директоры Александр Белоусовпен кездесті.