Қазақстанның Ресейдегі елшісі Мәскеуде тұратын қазақстандық ардагерлерді Жеңістің 65 жылдығымен құттықтады

МӘСКЕУ. Мамырды 7-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Зауытбек Тұрысбеков кеше, мамырдың 6-сында қазақстандық ардагерлермен, Мәскеуде тұрып жатқан Ұлы Отан соғысына қатысушылармен кездесті.
None
None

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан қонақтарды Жеңіс күнімен құттықтаған Елші, оларға жанқиярлық ерліктері үшін алғыс білдірді. Және қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесін атап көрсетті. «Сіздердің ерліктеріңіз, Отанға, халыққа берілгендіктеріңіз бүгін де - өскелең ұрпақты тәрбиелеудің берік негізі, нағыз патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі», - деп атап көрсетті З.Тұрысбеков өз сөзінде. Елші ардагерлерге ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

Бұл күні сондай-ақ Қазақстан Елшілігінде «Жеңіс мұрагерлері» акциясы арасында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының қолдауымен Астана мен Алматының арасында телекөпір өтті. Қос елорданың ардагерлері тікелей эфир арқылы бір-бірімен шүйіркелесті, соғыс жылдары туралы естеліктерімен бөлісті және барша халықты Ұлы Жеңіс тойымен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар