Қазақстанның Ресейдегі елшісі Уругвай және Чили елшілерімен кездесті

АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков Уругвайдың және Чилидің Ресей Федерациясындағы елшілері Хорхе Мейер Лонгамен және Хуан Эдуардо Эгигуренмен кездесті.
None
None

З.Тұрысбеков әріптестерін Өскеменде өткен Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының VII форумының қорытындысы туралы, Ресей, Қазақстан және Беларусь Кеден одағының, Біртұтас экономикалық кеңістікті құрудың перспективалары туралы хабардар етті. Дипломат сондай-ақ, желтоқсан айында Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне және еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығына дайындықтың барысы туралы әңгімелеп берді.

Қазақстанның экономикалық саясаты да әңгімеге арқау болды. Елші Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының табысты жүзеге асырылып жатқанын және еліміздің инвестициялық тартымдылығын атап көрсетті. З.Тұрысбеков сондай-ақ, Латын Америкасы елдерімен сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға айрықша мүдделілік білдірді.

Соңғы жаңалықтар