Қазақстанның, Ресейдің және Украинаның ғарыш агенттіктері «Зенит» ЗТ негізінде «Бәйтерек» ҒЗК құру мәселесін растады

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Евпаторияда ТМД қатысушы мемлекеттердің атқарушы билік органы өкілдерінің ғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өтіп жатқан кеңесі шеңберінде
None
None

Қазақстан, Ресей және Украинаның ғарыш агенттіктері жетекшілерінің үш жақты кездесуі ұйымдастырылды.

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев, Роскосмостың жетекшісі Владимир Поповкин және Украина мемлекеттік ғарыш агенттігінің төрағасы Юрий Алексеев өзара әрекеттесу және «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Зенит» зымырантасығышының негізінде «Бәйтерек» жобасын жүзеге асырудың болашағы мәселелерін талқылап, тараптар бірлескен хаттамаға қол қойды.

Құжатқа сәйкес Қазақстан, Ресей және Украина ғарыш агенттіктерінің басшылары «Бәйтерек» ҒЗК жобасын құру аясында «Зенит» ғарыш зымыран кешенін коммерциялық түрде қолдану бағытында үш жақты ынтымақтастықты дамытуға қызығушылықтарын растады.

«Ғарыш агенттіктері жетекшілері кездесуінің аталмыш хаттамасы арқылы біз Қазақстанның, Ресейдің және Украинаның қатысуымен «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру қажеттігін құптадық », - деді Т. Мұсабаев.

Соңғы жаңалықтар