Қазақстанның ресми делегациясы Шанхайдағы «Хуавэй» технологиялық корпорациясының корпоративтік тұсаукесеріне қатысты

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Шанхай қаласында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бастаған Қазақстан Республикасының ресми делегациясы «Хуавэй» технологиялық корпорациясының корпоративтік тұсаукесеріне қатысты, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстандық делегация ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен және ғылыми жасалымдарымен танысты.

«Хуавэй» корпорациясы - Қытай, Үндістан, Швеция, Ресей және АҚШ-та ғылыми-зерттеу орталықтары бар телекоммуникация саласындағы қытайлық ірі компанияның бірі. Бүгінгі таңда компания қазақстандық жетекші телекоммуникация операторларының стратегиялық серіктесі болып табылады, сондай-ақ Қазақстан нарығындағы байланыс құрылғыларының негізгі жеткізушісі болып табылады. «Қазақтелеком» АҚ мен «Хуавэй» корпорациясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге 2009 жылдың сәуір айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бейжің қаласына жасаған сапары барысында екі ел басшылары қол қойған болатын.

Бұдан кейін Қазақстан Республикасының делегациясы бүкіләлемдік «ЭКСПО-2010» көрмесінің ресми ашылу салтанатына қатысты.

Соңғы жаңалықтар