Қазақстанның ресми органдары халықпен диалогты дамытуға әрі тереңдетуге икемделуде (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ресми органдары халықпен диалогты дамытуға әрі тереңдетуге икемделуде. Бұл туралы бүгін Халықаралық валюта қорының директоры Кристин Лагард мәлім етті.
None
None

«Реформаларды жүзеге асыру әр уақытта да қиын. Қалай болғанда да мәселенің шығу тегін түсіндіру өте пайдалы. Бұл барлық тараптардың аталған реформалардың мақсатын, бұл реформалардың соңғы нәтижелелерін түсінуі үшін қажет. Біз бүгін мұны да талқыладық. Сұхбаттастықтың, коммуникациялық жұмыстардың қажет екендігін айттық. Қазақстанның ресми органдары халықпен диалогты дамытуға әрі тереңдетуге икемделуде», - деді ол елордада өткен Халықаралық валюта қорының өңірлік конференциясы аяқталғаннан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Халықаралық валюта қорының өңірлік конференциясы жұмысына Орталық Азия, Кавказ елдерінің, Еуразиялық экономикалық одақ бойынша серіктестеріміз Ресей мен Беларусьтың Үкімет өкілдері қатысты.
null 3 2

Соңғы жаңалықтар