Қазақстанның рейтингісі Ресейге қарағанда жоғары болып отыр

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Халықаралық Fitch Ratings рейтингі агенттігі Қазақстанның эмитент дефолты ұзақмерзімді рейтингісін шетелдік валютада ВВВ- деңгейінен ВВВ-ға дейін, ұлттық валютадағы осындай рейтингіні  ВВВ деңгейінен ВВВ+ деңгейіне көтерді, деп хабарлады РБК.
None
None

 Еске сала кетейік, Ресейдің әртүрлі валютадағы ұзақмерзімді рейтингісі ВВВ деңгейінде белгіленіп отыр.

Қазақстанның жаңа рейтингісінің болжамы «оң» ретінде белгіленді. Сондай-ақ Fitch Қазақстанның елдік жоғары шегі рейтингісін  ВВВ+ дейгейіне дейін көтеріп, шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді ЭДР-ін шетелдік валютада  F3 деңгейінде қуаттады. 

 «Қазақстанда мемлекеттік баланс жақсарды және мемлекеттің таза шетелдік активтері кірістер саласындағы күтпеген келеңсіздіктерден қауіпсіздікті ұлғайта түсуді қамтамасыз етеді, сөйтіп, «оң» болжамды» қуаттай түседі», - деп атап өттіі  Fitch тәуелсіз рейтингілер бойынша талдама тобының директоры Чарльз Севиль.

Рейтингілердің жаңадан арта түсуіне баланстарды елеулі тазарту және банк секторының жай-күйін жақсарту шаралары ықпал етуі мүмкін. Егерде шикізат тауарларына баға кенеттен едәуір шұғыл өзгерген жағдайда мемлекеттік баланстың әлсіреуіне соқтырып, жағымсыз рейтингілік әрекет пайда болуы да ықтимал.

«Мұнай өндірудің соңғы онжылдықта жылдық  орташа өсім қарқыны 9 пайыз болып, баға да өсіп отырғанын ескерер болсақ, Қазақстан елеулі және ұзаққа созылған кірістердің шұғыл төмендеуін әлі бастан кешірген жоқ. Егер елде немесе аймақта саяси сілкіністер бола қалған жағдайда ғана оның әсерінен туындаған қысым рейтингіні төмендеуге алып келуі  мүмкін», - делінген Fitch хабарламасында.

Fitch сарапшылары Қазақстанның таза шетелдік активтері 2010 жылғы ішкі жалпы өнімнің 37 пайызымен салыстырғанда 2013 жылдың соңына қарай ІЖӨ-нің 49 пайызына жетеді деп күтуде. Сонымен қатар агенттік болжамынша, елдің жалпы мемлекеттік бюджеті 2011-2013 жылдары ІЖӨ-нің 6-7 пайыз деңгейіндегі профицитімен атқарылады. Ел бюджеті тіпті 2012 жылы мұнай бағасы барреліне 80 долларға дейін құлдырағанның өзінде профицитпен шығады, яғни шығыстардан кіріс көлемі артық болады.

«Кен өндіру мен мұнай саласындағы өндіру көлемінің ұлғаюына ірі дамушы нарықтардың өсуі аталған салалардағы өндіру көлемінің артуына сенімді болжам жасауға мүмкіндік береді. Тәуекелдердің негізгі көзі шикізат тауарларына бағаның немесе сыртқы сұраныстың елеулі төмендеуіінен болуы мүмкін», делінген Fitch агенттігінің хабарламасында.

Fitch сарапшылары Қазақстан экономикасының проблемалы саласы елдің қаржы секторы екенін атап көрсетеді. Дегенмен, олардың атап көрсетуінше, соңғы жылдары Қазақстанның банк жүйесінің активтері ІЖӨ-нің 56 пайызынан 46 пайызға дейін төмендеді., сондықтан да елдің егеменді несиеге қабілеттілігіне бұрынғыдай онша қауіп тудыра қоймайды.

«Мемлекетте қажет болған жағдайда банктердің балансын қалпына келтіруге және оған араласуға ресурстар бар. Дегенмен, несиелерді шығарып тастауға ынталандыратын кезең-кезеңімен жүргізілген реформалар  және банк баланстарының баяу өсуі бірте-бірте шартты міндеттемелерді қысқартуы тиіс. Сонымен қатар, кейбір банктердің сыртқы қарыз бойынша дефолтінен және мұндай қарыздарды қайта құрылымдаудан кейін сектор 2008 жылға қарағанда шетелдік капиталға онша тәуелді емес, бұл сыртқы капитал ағыны  іркілістерінен туыендайтын осалдықты қысқарта түседі», - деп атап өтеді сарапшылар.

Соңғы жаңалықтар