Қазақстанның саяси тұрақтылығы және экономикалық өсімінің шапшаң қарқыны ЕХРО-2017-ні жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді - БҰҰ жанындағы Уругвай елшісі
және ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев Финляндияның, Норвегияның, Маврикияның және Уругвайдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдерімен және елшілерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Екіжақты кездесулер барысында шетелдік мемекеттердің өкілдері Қазақстан таңдаған «Болашақтың энергиясы» тақырыбының маңызын атап өтті, деп хабарлады ҚР интеграция істері министрінің хатшылығы.
«Бүгінгі таңда әлемге дамудың экологиялық қауіпсіз жаңа жолдары қажет. Қазақстан қазір «Жасыл экономикаға» бағыт ұстап отыр. Біз болашақтың энергиясы туралы пікірсайыс біздің заманымыздың неғұрлым әмбебап пікірсайысы болып табылады деп санаймыз, сондықтан да ЕХРО-2017 көрмесі үшін миллиондаған адамдарды толғандырып отырған нақ осы тақырып таңдалды», - деп атап өтті өз сөзінде Ж.Айтжанова.
Женевадағы Уругвайдың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі және елшісі, Латин Америкасы елдері тобының үйлестірушісі Лаура Дюпюй Лассеренің айтуынша, Уругвай Қазақстанның саяси тұрақтылығы және экономикалық өсімінің шапшаң қарқыны ЕХРО-2017-ні жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді деп санайды.
Бұған қоса Л.Д.Лассере ЕХРО-2017-нің «Боалашақтың энергиясы» тақырыбы Уругвай үшін де аса өзекті, өйткені елдегі электр энергиясының 50 пайызы баламалы энергия көздерінен өндіріледі, деп атап өтті.
Екіжақты кездесулер ауқымында Финляндия елшісі Пайфи Кайрамо-Хелла ғаламшардың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін елдердің аралас энергетикаға көшуіне ынта білдірді. «Осыған байланысты «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бүгінде бұрынғыдан бетер маңызды және өзекті болып отыр», - деп атап өтті ол.
Бұдан басқа, 2012 жылғы 10 қазанда БҰҰ штаб-пәтерінде Женевада тіркелген дипломатиялық корпус басшылары үшін ЕХРО-2017 жобасының таныстырылымы өтті.
ЕХРО-2017 өткізуге дауыс беру 2012 жылғы 22 қарашада Парижде Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблесының 152-сессиясы кезінде болады