09:58, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
Қазақстанның шаңғышы қыздары командалық жарыс біліктілігінде финалға шыға алмай қалды - Ванкувер Олимпиадасы
СТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Кеше Ванкуверде шаңғышылардың арасында әйелдердің командалық жарысының біліктілігі өтті. Қазақстанның атынан оған Оксана Яцкая мен Елена Коломина қатысты,
деп хабарлайды sports.kz.
Бірінші топта өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы 19:33.6 уақыт көрсетіп, жарыс көшбасшысы - Швеция командасына +57.7 секунд есе жіберіп алды. Бұл нәтиже Қазақстан құрамасына финалға өтуге мүмкіндік берген жоқ.
Сөйтіп, алғашқы үштікке
1. Швеция - 18:35.9
2. Норвегия -18:47.2 (+11.3)
3. АҚШ - 18:48.9 (+13.0) командалары кіріп отыр.
Қазақстан 19:33.6 (+57.7) нәтижемен алтыншы орынға табан тіреді.