13:54, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
Қазақстанның Шекара қызметінің командасы Мәскеуде жекпе-жектен өткен халықаралық турнирде «күміс» жүлде олжалады
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат - Мәскеуде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 64 жылдығына арналған жекпе-жектен халықаралық турнир өтті.
Жарыс Ресей Федерациясы Федералды қауіпсіздік қызметінің Голицин шекара қызметі базасында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Турнирге Армения, Беларус, Қазақстан және Ресей шекара ведомстволарының командалары қатысты. Додалы жарыста Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің спорттық командасы ресейлік әріптестеріне бір ғана ұпай есе жіберіп, «күміс» жүлдені қанжығалады.