Қазақстанның шекарашылары мен кеденшілері Беларусьтің Шекара қызметі институтында білім ала алады

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 23 мамыры күні Қазақстанның Беларусьтағы Елшсі Ерғали Бөлегенов Беларусь Республикасы Шекара қызметі институтында болды.
None
None

Бұл туралы дипломатиялық өкілдіктің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысы әскери оқу ордасының қалыптасу тарихымен, оның міндеттерімен және құрылымымен танысты. Беларусьтің шекара ведомствосының қажеттілігі үшін офицерлік кадрларды даярлау бойынша материалдық-техникалық база таныстырылды.

Институттың басшысы В.Г. Моисеенко жаңа оқу жылынан бастап шетелдік азаматтарды біліммен қаруландыру мақсатында арнайы факультет, оның ішінде кедендік іс факультеті ашылатынын мәлімдеді. Осы ретте Қазақстанның Елшісі Бірыңғай кедендік одақтың қызметін ескере отырып, екі мемлекеттегі оқу орындардың анағұрлым тығыз ынтымақтастық орнатуларына және Қазақстан Республикасының Шекара қызметі мен Кеден комитеті қызметкерлерін біліктілікті арттыру үшін одақтас мемлекеттің әскери ордасына жіберіп отыруға қызығушылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар