Қазақстанның шикізат секторындағы ашықтық тәжірибесі басқа елдер үшін үлгі ? С.Бартлетт

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінде Қазақстанның шикізат секторындағы ашықтық тәжірибесі басқа елдер үшін үлгіге айналды.
None
None
Бүгін Астанада басталған «Қазақстандағы шикізат секторындағы ашықтық бастамасын сақтау» II Ұлттық конференциясы барысында Норвегиядағы Шикізат секторындағы ашықтық бастамасы ұйымының Халықаралық хатшылығының өкілі Сэмюэл Бартлетт осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еліміздегі мұнай-газ және тау-кен өндіру компаниялардың ашықтық қағидатын сақтауға деген ұмтылысын атап өткен С.Бартлетт: «Бүгінде Қазақстанның осы саладағы тәжірибесіне көптеген елдер қызығушылық танытуда. Мәселен, Ауғанстан, Индонезия және Моңғолия сияқты мемлекеттер Қазақстанның мұнай-газ секторындағы әлеуетін жоғары бағалай отырып, осы бағытта өзара тәжірибе алмасуға мүдделі болып отыр. Атап өтер жәйт, қазіргі кезде Қазақстан шикізат секторындағы ашықтық бастамасын сақтау жолында көш бастап келеді», - деді С.Бартлетт.
Соңғы жаңалықтар