Қазақстанның шығыс аймағында салқын ызғар сақталады

АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігі ауқымды антициклонның әсерінде болады, ал республиканың шығыс бөлігінде салқын ызғар сақталады,
None
None

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі еліміздің метеорологтарына сілтеме жасап.

Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстанда, ал күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстанда, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаң борап, желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетпек.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 0-2 градус суық болады. Ал Маңғыстау, Атырауда аптап ыстық сақталады.

Қазақстанның оңтүстігінде, орталығында, батысы мен шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Синоптиктердің мәліметтері бойынша, таяудағы үш тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстағы тау өзендерінде су деңгейінің төмендеуі байқалады. Іле өзенімен Қапшағай су қоймасына келетін судың көлемі одан ары азаюы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар