Қазақстанның шығысы ең үздік тауар өндірушілерді анықтады

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бұқтырма цемент компаниясы, «Азия Авто» автоқұрастыру зауыты мен Өскеменнің құс фабрикасы «Алтын Сапа-2010» облыстық конкурсының алтын жүлдегерлері атанды.
None
None

Олар басты үш аталым, ең үздік өнеркәсіптік бағыттағы тауар, халыққа арналған ең үздік тауар және облыстағы ең үздік азық-түлік тауары аталымдары бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

Осы аталымдардың жүлделі орындары жалпы саны 14 кәсіпорынға бұйырды. Металлургтердің Мәдениет сарайында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі аяқталды.

Марапаттау рәсімі кезінде кәсіпкерлік және өнеркәсіптік басқарманың бастығы Шәкәрім Бұқтығұтов атап өткендей, «Ең үздік азық-түлік тауары» аталымы бойынша бірінші және екінші орын иелерінің арасы не бары бір балл ғана болған. «Біз бұл мәселе бойынша көп пікір таластырдық. «Шығыс-сүт» кәсіпорны аймақтағы ең жақсы кәсіпорындардың бірі, және бұл кәсіпорын ең үздік азық-түлік тауарын өндіруші атағына лайықты. Бірақ бәйгенің аты бәйге, сондықтан Өскемен құс фабрикасы бір балл артық жинап, алғашқы орынға шықты», - деді ол марапатты тапсыра отырып.

Барлық жеңімпаздар облыс әкімі атынан сапа сертификаты мен екі камералы тоңазтқышқа ие болды, сондай-ақ барлық 14 жүлдергер Астанада ағымдағы жылдың қарашасында өтетін «Алтын Сапа-2010» республикалық байқауына қатысатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанның ең үздік тауар өндірушісі атағын алу үшін облыстық конкурсқа аймақтағы 58 кәсіпорын қатысқан болатын.

Соңғы жаңалықтар