Қазақстанның шығысында - боран, ал оңтүстігінде - тұман, көктайғақ болады - синоптиктер

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Синоптиктер Қазақстанның шығысында - боран, ал елдің оңтүстігінде - тұман, көктайғақ және жел болады деп болжап отыр.
None
None

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның хабарламасында атап көрсетілгендей, Қазақстанның аумағының басым бөлігі антициклонның әсерінде болады. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстанның кей жерлерінде боран болады, желдің екпіні 15-20 метр/секундқа жетеді деп күтілуде.

Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында - кей жерлерде тұман болады. Жамбыл, Алматы облыстарының кей аудандарында да - тұман, көктайғақ болады деп күтілуде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан 20-25 метр/секунд екпінмен жел соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18 метр/секунда жетуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар