08:45, 24 Қазан 2015 | GMT +5
Қазақстанның шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіліп, тек республиканың шығысында тұрақсыз ауа-райы сақталады, атмосфералық фронталды өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын болады, деп хабарлады ҚР ТЖК баспасөз қызметінен.
Республиканың кейбір жерлерінде тұман, желдің күшейуі күтіледі. Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Ақмола, Қостанай, Қарағанды, түнде және таңертен Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с соғады. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғады, шаңды дауыл болады. Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с желдің күшейуі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с соғады.