19:30, 23 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Қазақстанның солтүстігінде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал
ТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Қазақстанның шығыс бөлігі өтіп бара жатқан циклон және атмосфералық фронтальдық ауа ағымының әсерінде болады. Қатты жаңбыр жауып, солтүстік аймақтарда жауынның қарға ұласуы мүмкін, жел күшейіп тұман түсуі ықтимал», - деп хабарлайды «Қазгидромет» РММ.

Синоптиктердің болжауынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің секундына 15-20 градусқа дейін күшейтілуі күтіледі. Алматы, Павлодар облыстарында - кей жерлерде жел тұрып екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, күндіз қатты жел соғады.
Астанада ертең құбылмалы ауа-райы сақталып, түстен кейін жауын-шашын болуы ықтимал. Солтүстік батыстан жел соғып 9-14, кей жерлерде 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2+4 градус, күндіз +8+10 градус шамасында.