Қазақстанның Сүт одағы БАҚ арасында «Ақниет сүт» байқауын жариялады

АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда Қазақстанның Сүт одағы бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер арасында республикалық «Ақниет сүт» байқауы басталғанын жариялады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сүт одағының атқарушы директорының орынбасары Лидия Михееваның айтуынша, байқау қоғамды, бұқаралық ақпарат құралдарын және мемлекетті сүт саласының болашағы мен жағдайы, сүт өңдеу технологияларының дамуы, сүтті насихаттау мәселелеріне назар аударту мақсатында ұйымдастырылады. «Сүт өндіру, өңдеу саласы бойынша Қазақстанның өз нарығын қамтамасыз етуге мүмкіндігі толық жетеді. Алайда сүттің басым бөлігі Ресей мен Беларустан келеді. 2007 жылдан бері импорт көлемі қатты қарқынмен артуда.Сонымен қатар, елімізде сүтті тұтыну мөлшері де төмен. Бізде дамыған елдерге қарағанда сүт аз мөлшерде тұтынылады. Осы бағытта сүтті насихаттау қажет» дейді ол.

Сүт одағы ұйымдастыратын байқау 24 ақпан мен 19 қараша аралығында 3 кезең бойынша өтеді. БАҚ өкілдерінің жұмыстары «үздік қазақ тіліндегі мақала», «үздік орыс тіліндегі мақала» және «үздік телесюжет» аталымдары бойынша сараланады. Ең үздік жұмыстарды әділқазылар анықтайды. Байқау талабы бойынша қатысушылардың жұмыстары БАҚ-та жарық көруі тиіс.

Соңғы жаңалықтар