Қазақстанның сыртқы қарызының биыл 15 млрд. 795 млн. доллары төленеді

АЛМАТЫ. 13 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы қарызының көлемі алғашқы тоқсанда 139 млрд. 953 млн. доллар болды.
None
None

Жыл соңына дейін оның 15 млрд. 795 млн. доллары төленбек. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінің Әдістеме және талдау басқармасының бастығы Наталья Чабина кеше Алматыда БАҚ өкілдері үшін ұйымдастырылған семинар барысында айтты.

«Қазақстанның сыртқы қарызының 2-ші тоқсанда - 4,2; 3-ші тоқсанда -4,7; 4-ші тоқсанда 6,7 миллиард доллары төленеді. Соның нәтижесінде оның жалпы көлемі биыл 15 млрд. 795 млн. долларға азаяды. Ал 2014 жылы 12 млрд. 731 млн. долларға кемиді. Оның 1-ші тоқсанда - 3,3; 2-ші тоқсанда - 3,5; 3-ші тоқсанда - 2,5, 4-ші тоқсанда 3,2 миллиарды өтеледі», - дейді Н.Чабина. Оның айтуынша, 2015 жылы 1-ші тоқсанда өтелетін сыртқы борыштың көлемі 4,7 млрд. доллар болмақ. Жалпы сыртқы борыштың 2013 жылы төленетін көлемінің 464 миллионы мемлекеттік басқару органдарының; 17 миллионы орталық банктің; 2 млрд. 693 миллионы банктердің, 7 млрд. 343 миллионы өзге секторлардың, 5 млрд. 279 миллионы тікелей инвестициялардың фирмааралық берешегі. Сыртқы қарыз төлемдерінің 2013 жылғы берешегінің 11 млрд. 647 миллионы негізгі қарыз болса, 4 млрд. 147 миллионы пайыздық төлемдер.

Соңғы жаңалықтар
Референдум