Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Қытайда Көңілділер мен тапқырлар клубы Бейжің лигасының екінші финалы өтті

БЕЙЖІҢ.  Желтоқсанның  20-сы.  ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бейжіңде     Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздік күніне орай   Көңілділер мен талқырлар  клубы «Бейжің лигасының» екінші финалы  өтті.
None
None

 Ұйымдастырушылардың айтуынша,  бұл Қытай елордасында  оқып жатқан    біздің  отандастарымыз   үшін    алғашқы тәжірибе емес.    Осыдан бір жыл бұрын    студенттердің  төрт командасы    жарысқан  болатын.

 Былтырғы    турнирге  тек  бейжіңдік студенттер  қатысса,  биылғы   финалға    Сиань   университетінің (Шэньси  провинциясы) командасы  да  атсалысты.  Ұйымдастырушылар   келесі  жылдың көктемінде посткеңестік мемлекеттердің командаларының  қатысуымен      алғашқы  КТК халықаралық фестивалін   жоспарлап отыр.

 Алты  команданың    ішінен Пошта  және    байланыс университетінің  «Ябаолу» командасы    алтынды жеңіп алды.   Жеңімпаздар  үштігіне  Кадрлық  авиация  академиясының «Улетный Рейс 887»  командасы мен  Сиань қаласының «Бесінші элемент»  командасы   кірді.

 Жобаны Бейжіңдегі     қазақстандық студенттердің  «Жас қыран»   жастар    ұйымы  жүзеге асырды. «Жас қыран» -    Қазақстанның   Қытайдағы  елшілігінің  қолдауымен   2005 жылы құрылған      алғашқы студенттік  ұйым.

Соңғы жаңалықтар