Қазақстанның тіл саласындағы мемлекеттік саясаты өзге елдерге үлгі бола алады - жұртшылық пікірі

БЫЛ ОБЛЫСЫ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Қазақстанның жүргізіп отырған тіл саласындағы мемлекеттік саясаты өзге елдерге үлгі бола алады, деді ҚазАқпарат тілшісімен болған сұхбатта Тараз қаласының тұрғыны, Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті әскери үрлемелі аспаптар оркестрінің басшысы Федор Альдингер.
None
None

  «Неміс ұлтының, ең алдымен Қазақстанның азаматы мен үшін  басқалармен бірге толыққанды өмір сүруге және қызмет етуге барлық жағдай жасалған», - деді Ф.Альдингер.

 Оның пікірінше, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың жақында орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен болған кеңесте сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы жүргізіп отырған Қазақстанның тіл саласындағы мемлекеттік саясатын қысқа әрі анық жеткізді.

«Әрине, мемлекеттік тіл жаңғыруы тиіс. Өйткені, тіл - халықтың жаны. Сонымен қатар, басқа тілдер, әсіресе көптеген елдерде ұлтаралық қатынас құралы ретінде қабылданған орыс тілі қысым көрмеуі тиіс», - деді Ф.Альдингер.

Соңғы жаңалықтар