Қазақстанның үлесіне, ұстанымына және қолдауына арқа сүйеуге деген сенімділік БҰҰ-ны қанаттандыра түседі - Пан Ги Мун

АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат - Қазақстанның үлесіне, ұстанымына және қолдауына арқа сүйеуге деген сенімділік Біріккен Ұлттар Ұйымын қанаттандыра түседі.
None
None

Бұл жөнінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның ҚР Тәуелсіздік күнінің 18 жылдығына орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған құттықтауында айтылған, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

БҰҰ-ның табыстарға жету үшін қажетті ортақ күш-жігерді жұмылдыруда бірегей мүмкіндігінің бар екенін айта келіп, Пан Ги Мун: «Қатысушы мемлекеттермен және басқа тараптармен тығыз жұмыс істей отырып, бейбітшіліктің өкілі ретінде тиімді қызмет етуі үшін Ұйымды күшейте түсуге бекем бел байлап отыр», - деді.

«Біздер бетпе-бет келіп отырған барлық қатерлердің - климаттың өзгеру мәселелерінен бастап мыңжылдық дамуының мақсаттарына қол жеткізу бойынша күш-жігерлерді арттырудың өзекті проблемаларына дейін - жанжалдардан гөрі өзара іс-қимыл жасасу қатынастарының маңызы зор. Бұл миссияны орындай отырып, Қазақстанның үлесіне, ұстанымына және қолдауына арқа сүйеуге деген сенімділік Біріккен Ұлттар Ұйымын қанаттандыра түседі.

Соңғы жаңалықтар