Қазақстанның ұлттық бірлік доктринасын пысықтайтын арнайы жұмыс комиссиясын құру қажет - Елбасы

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық бірлік доктринасын пысықтайтын арнайы жұмыс комитетін құру қажеттігін айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осының алдындағы сессияда мен Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы жобасын әзірлеуді тапсырғанмын. Ол сіздерге таратылды. Оның жобасымен мамандар, сарапшылар, ғалымдар салмақты жұмыс істеді. Оны саяси партиялардың, этномәдени орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен егжей-тегжейлі талқылап, жан-жақты қоғамдық сараптама жүргізу керек. Бүгін доктринаны пысықтайтын арнайы жұмыс тобын құрып, менің Жарлығымның жобасын дайындау қажет», деді Президент. Осы орайда Мемлекет басшысының пікірінше,  доктрина бір жағынан еліміздің мол тәжірибесінің жиынтығы, ал екінші жағынан ұлттық саясатты, саяси тұрақтылықты, еліміздегі бірлік пен келісімді одан әрі нығайтуды жүргізудегі іргелі жылжуымыз үшін сапалы негіз болуы тиіс.

Елбасының айтуынша, Ұлттық бірлік доктринасы мынандай үш сұраққа; атап айтқанда, ұлттық бірлік дегенде біз нені түсінеміз, не үшін бізге ұлттық бірлікті нығайту маңызды, не нәрсе ұлттық бірліктің негізі болып табылады деген сұрақтарға айқын әрі нақты жауап беруі тиіс.

Соңғы жаңалықтар