Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды «Қазавтожол» РМК баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысында 15 наурыз күні кешке ауа райының бұзылуына байланысты ( жолдың көрінбеуі, бұрқасын, қар) барлық көлік түрлерінің қозғалысы төменде көрсетілген автожолдарда шектелді:

1. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» (0-231 км, Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралық);

2. «Ақтөбе-РФ шекарасы (Оренбург)» (14-99 км, Қурайлы ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралық);

3. «Самара-Шымкент» (773-965 км, Белогорка-Қарабұтақ ауылы аралығы);

4. «Самара-Шымкент» ( 526-703 км), БҚО шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейінгі аралық.

Қостанай облысында Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты ( жолдың көрінбеуі, бұрқасын, қар) барлық көлік түрлерінің қозғалысы төменде көрсетілген автожолдарда шектелді:

1. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» (231-385 км, Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка ауылына дейінгі аралық);

2. «Денисовка-Жетіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы (82-174 км, Жетіқара қаласынан РФ шекарасына дейін).

БҚО-да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты (жолдың көрінбеуі, бұрқасын, қар) «Самара-Шымкент» автожолында (392-526 км, Жымпитыдан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді.

Соңғы жаңалықтар