«Қазақстанның үздік тауарлары» аймақтық байқауының жеңімпаздары анықталды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы бойынша «Қазақстанның үздік тауарлары» байқау-көрмесінің жеңімпаздары анықталып, жүзден жүйрік шыққандар тиісті сый-құрметке бөленді, арнаулы мараптқа ие болды.
None
None

Бұл жолы өнім сапасын жақсартуда қолжеткізген табысын сараптауға 24 өндірісші қатысқан болатын. Байқау аясында «Колутон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Үздік азық-түлік тауарлары», «Азияэнерго жобалау құрастыру» серіктестігі-«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Силуэт» тігін фабрикасы» серіктестігі «Тұрғындар үшін үздік тауарлар» аталымында бас жүлдені еншілеп, тиісті министрлік дипломдарымен марапатталды. Сонымен бірге екінші және үшінші орыннан көрінген алты кәсіпорынға да сый-құрмет көрсетілді. Байқауда белсенділік танытқан 13 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жетекшілеріне облыс әкімінің алғыс хаты, 17 жүлдегерге құрмет грамоталары табысталды. Бұл жолы жергілікті өндірушілер өздері жасаған, сұранысқа ие өнімдерді көптеп шығаруға талпыныс білдіргендігін аңғартты.

Соңғы жаңалықтар