Қазақстанның үздік жұмыс берушілері марапатталды

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін елордада еліміздің үздік жұмыс берушісіне тағайындалған «Сенім-2012» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
None
None

Жеңімпаз жүлделері «Адам ресурстарын басқару: Үшінші мыңжылдық HR трендтері» атты халықаралық конференция барысында табысталды.

Сонымен, «Ең озат жұмыс беруші ұлттық компания» - «Қазақтелеком» АҚ, «Ең озат жұмыс беруші өңір» - «CP Hotels Atyrau» компаниясы» ЖШС (Атырау) мен «Қостанай минералдары» АҚ (Қостанай), «Ең озат жұмыс беруші Астана мен Алматы» - «Prime Aviation» АҚ мен «Астана қонақ үйі» АҚ, «Ең үздік жұмыс беруші трансұлттық компания» - «Проктер энд Гэмбл Қазақстан» ЖШС атанды.

Сондай-ақ «Үздік HP-жоба» аталымында «Қазақтелеком» АҚ - «ТОП 50: «Қазақтелеком» таланттарды басқару» жобасы, «Проктер энд Гэмбл Қазақстан» ЖШС - «P&G Vibrant Living - қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуі мен жеке өмірін ұштастырудың кешенді бағдарламасы», «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ - «Инновациялық HR тетіктер: 4 жүйе - www.zhastemir.kz инновациялық идеялардың ақпараттық инкубаторы және корпоративтік әлеуметтік желісі» үшін марапатталды.

Ал «Богатырь көмір» ЖШС «Lean Six Sigma әдістемесін енгізу» жобасының тиімділігі үшін «Үздік HR жоба» аталымы бойынша «HR-менеджерлер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің арнайы сыйлығына ие болды. Сондай-ақ осы аталымда «KEGOС» АҚ «KEGOС» АҚ Династиялары» жобасы үшін Әлеуметтік әріптестік орталығының арнайы сыйлығын алды.

Соңғы жаңалықтар