08:55, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Қазақстанның Жапониядағы елшісі Фукуока префектурасына жұмыс сапарын жасады
АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ақылбек Камалдинов мамырдың 27-30-ы аралығында Кюшю аралындағы Фукуока префектурасында жұмыс сапарымен болып қайтты,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен. Сапар барысында Елші азиялық аймақ мемлекеттері мен әлемнің басқа елдерінің арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту жөніндегі Азиялық қоғамның 37-ші халықаралық конференциясына (The 37th Williamsburg Conference) қатысты. Ауыл шаруашылығы, машина жасау, энергетика және туризм сияқты салалар бойынша Кюшю өңірімен ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Елшісі сондай-ақ префектура басшылығымен және аймақтың іскер адамдарымен бірқатар кездесулер өткізді.