Қазақстанның жас іскерлері Түркияның HÜRSİAD тәуелсіз өнеркәсіпшілер қоғамында болды
инвестиция және ынтымақтастық мүмкіншіліктері жөнінде тәжірибе алмасу мақсатында HÜRSİAD тәуелсіз өнеркәсіпшілер қоғамында болып қайтты.
Қазақстандық жас инвесторлар жайлы мәлімет берген HÜRSİAD-тың бастығы Бурак Уғур, соңғы экспорт көрсеткіштері бойынша Түркияның Газиантеп қаласы әлемдегі көптеген инвесторлардың қызығушылығын тудыруда екенін айтты.
«Аталған қаланың өнеркәсіп аймағына барып, Газиантеп экономикасы, өнеркәсібі, инвестиция мүмкіншіліктері жайлы жан-жақты мәліметтер бердік және Қазақстанда шетелдік инвесторларға көрсетілетін колдау мен инвестиция мүмкіншіліктері жайлы кеңінен мағлұмат алдық»,- деді Б.Уғур.
Қазақстандық іскерлер тобының жетекшісі Әскен Сәрсенбаев HÜRSİAD тәуелсіз өнеркәсіпшілер қоғамында алғыс білдіріп, Газиантептің экономикалық жетістіктерін жақыннан көруге мүмкіншілік алғаның айтты. Сондай-ақ түркиялық әріптестерін Алматыға шақырды.