Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Берлинде өтетін конькимен жарысудан әлем кубогының финалына қатысады
Оған Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы да қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, жерлестеріміз Екатерина Айдова мен Алексей Бондарчуктың жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атануға тамаша мүмкіндіктері бар. Бұл спортшылар әлем кубогының үш кезеңінің қорытындысы бойынша көш басында келеді.
«Ұлттық құраманың мүшелері Роман Креч, Денис Кузин және Александр Жигин қазір Германияның Эрфурт қаласында. Бұл қалада осы демалыс күндері спринттен әлем кубогы өтеді. Одан кейін наурыздың 12-сі мен 14-і күндері Голландияның Херенвейн қаласында әлем кубогының финалы өтеді. Онда әрбір қашықтықта 24-тен көп емес қатысушылар жүгіреді. Спортшылар маусымның бірінші жартысында болған әлем кубогының бес кезеңінде жинаған ұпайлары бойынша сұрыпталады. Әлем кубогының финалына біздің құраманың көшбасшысы Денис Кузин қатысатыны дау тудырмайды. Ол 1500 метрге жарысудан 20-шы нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, осы демалыс күндері спринттік жарыста жүлдегер атанған жағдайда әлем кубогының финалына Роман Креч пен Александр Жигин де қатысатын болады. Егер олар спринттік жарыста жүлдер атанбаса, онда елге оралып, одан соң Қазақстан чемпионатына дайындалу үшін Челябіге барады. Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан чемпионаты наурыздың соңында өтеді», делінген таратылған хабарламада.