14:16, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
«Қазақтан ғарыш сапары» ҰК Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынақтан өткізу кешеніне қажетті құрылғыларды жеткізу бойынша техникалық сүйемелдеу жөніндегі қызмет көрсету келісімшартын жасады
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Сара Кәбиқызы/ - «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ президенті Ғабдуллатиф Мырзақұлов пен «Ғалам» ЖШС Қазақстан-француз бірлесен кәсіпорнының директоры Аманжол Жаймұрзин ғарыш аппараттарын құрастыру-сынақтан өткізу кешенін пайдалануға беруге дайындау,
сынақ учаскелеріне құрылғыларды жеткізу жұмыстары бойынша техникалық сүйемелдеу жөніндегі қызмет көрсету келісімшартына қол қойды.
«Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының орталық кеңсесінде өткен қол қою рәсіміне EADS Astrium компаниясының төрағасы Франсуа Оком бастаған француздық делегация қатысты.
Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін «ҚҒС» ҰК» АҚ мен EADS Astrium компаниясының басшылығы және мамандары бірқатар салынып жатқан нысандарды аралап көрді.