«Қазақтелеком» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалында жаңа желінің таныстырылымы болды

ПЕТРОПАВЛ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін «Қазақтелеком» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалында Петропавл - Булаево - Ресей Федерациясының шекарасы талшықты-оптикалық жаңа желісінің таныстырылымы болды. Бұл жобаның құны - 288 миллион теңге.
None
None

Кездесуде облыстық филиалдың бас директоры Әлем Шүкенов Мемлекет басшысының біздің еліміздің географиясын, оның ішінде ақпараттық тұрғыда тиімді пайдалану қажет екендігін айтқан пікірін келтірді.

Бұл жобаны жүзеге асыру «Қазтелеком» мен «Ресейтелеком» байланысын жолға қоюды көздейді.

Соңғы жаңалықтар