20:21, 02 Маусым 2009 | GMT +5
«Қазақтелеком» АҚ жарнамалық ролигі халықаралық жарнама фестивалінде қола жүлдеге ие болды
АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат – Кеше аяқталған Киев халықаралық жарнама фестивалінде жарнамалық коммуникацияның беделді конкурсында қола жүлдеге белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Виталий Демьяненконың қатысуымен «Қазақтелеком» АҚ iD TV Бокс (интерактивті сандық теледидар қызметтері) ролигі ие болды.
Ролик iD TV қызметтері іске қосылған «Астана» және «Эра ТВ» телеарналарында көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақтелеком» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Х мерейтойлық фестивальдің наградасы үшін 14 конкурста 1 468 жұмыс сайысқа түсті. Конкурс Беларус, Молдова, Латвия, Литва, Эстония, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Польша, Израиль, Словения сияқты Еуропа мен Азияның 15 елінен 380-нен астам қатысушыны жинады.