Қазақтелеком Қазақстан мен Ресейдің VIІ аймақаралық ынтымақтастық Форумының техникалық әріптесі болуда

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ-ы қыркүйектің 6-сы мен 7-сі аралығында Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің VIІ аймақаралық ынтымақтастық Форумына техникалық қолдау көрсетуде, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
None
None

Форумға қатысушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарын мәліметтер берудің жоғары жылдамдық арнасымен қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы техникалық сипаттағы бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды.

Негізгі іс-шаралар өткізілетін орындарда үлкен және шағын баспасөз орталықтары ұйымдастырылып, оларда қалаларалық және халықаралық байланысқа шығу мүмкіндігі бар 12 телефон, 8 фиксимильді және 2 үлкен көшіру аппараты, 10 принтер, 70 ноутбук орнатылды. Журналистер жұмыс істейтін орындарда 12 Wi-Fi нүктесі ұйымдастырылды. Кіші баспасөз орталығында 15 локальді желі нүктесі орнатылып, үлкен көлемді мәліметтерді жедел үздіксіз беретін 2 тікелей желі іске қосылды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы форумға қатысушылар мен журналистер тұрып жатқан жерлерде тегін Wi-Fi нүктелерін ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар