Қазақтың эпикалық жырларының республикалық фестивалінде ақтөбелік жыршы Гран-приді жеңіп алды

Оның қорытындысында гран-при мен 250 мың теңге ақшалай жүлде Ақтөбеден Демеубай Жолымбетовке берілді. Екі бірінші орын мен 200 мың теңгеден ақшалай жүлдені жыршылар Ақмола облысынан Баянғали Әлімжанов пен Семейден Дүйсенғазы Нығметжанов иеленді. Семейден келген ежелгі халық эпостарын орындаушы осы бірегей фестивальдің 74 жастағы ең қарт әрі зағып жыршы болды.
Фестивальдің қазылар алқасы екінші орын мен 150 мың теңге жүлдені зайсандық орындаушы Мұратхан Домбаевқа тапсырды.
Үшінші орын мен тағы екі орын өскемендік Данияр Екелеевке және Беделбек Әбілмәжіновке және үржарлық Тәттімбет Қанұлына бұйырды. Ынталандыру сыйлығын алғандардың ішінде ұлты неміс Иван Вейман болды. Ол қазақ жырларын домбырада нақышына келтіре орындады.
Облыстық мәдениет бөлімінің бас маманы Серік Бақтыбаевтың айтуынша, қазақ жырларының республикалық фестивалі елімізде осымен екінші рет өткізіліп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, қазақтың эпикалық жырлары мен түркі әлемі аңыздарын орындаушылардың фестивалін Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі, аймақтың мәдениет басқармасы және «Алтын арқау» қоғамдық бірлестігі өткізді.