Қазақтың «Ұлар» фолькорлық-этнографиялық ансамблінің 25 жылдық мерейтойы өтіп жатыр
Бұл өнер ұжымы аталмышжоғары оқу орны мен қала әкімдігінің қолдауымен1987 жылы құрылған болатын. Оның көркемдік жетекшісі профессор Бихан Раева, ал музыкалық жетекшісі, сазгер Мейіржан Мұхадиев болды. Қазақ музыкалық шығармашылық өнерін жаңғыртуға зор үлес қосқан бұл ансамбль халықтың ұмыт бола бостаған көптеген музыкалық аспаптарын оркестрде қайта жандандырды. Сондай-ақ, университетте сол жылы музыкалық білім және мәдениет факультетінде «жетiген», «шертер», «шаңқобыз», «қылқобыз», «сазсырнай», «шiңкiлдек» және «адырна» сыныптары ашылған болатын. Өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына ие болған ансамбль ұжымы Қытай, Моңғолия, Түркия, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа да алыс-жақын шет елдерде гастрольдік сапарлар жасап, қазақ өнерін насихаттауға зор үлесін қосты.
Мерейтойлық шарада ансамбльдің құрамында әр жылдары өнер көрсеткен өнерпаздар бас қосып, өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ өнердегі өз әріптестерінің қуанышын бөлісу үшін құрметті мейман ретінде шақырылған әкелі-балалы Ескендір және Біржан Хасанғалиевтер, Медеу Арынбаев, Жанар Айжанова, Дина Хамзина, Маржан Арапбаева мен «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблі де кеш көрігін қыздыруда.