19:24, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Қазалы ауданында байланыс стансысы іске қосылды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 27-с ҚазАқпарат /Руслан Игілік/- Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Қожабақы ауылында байланысқа арналған жаңа стансы іске қосылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл қондырғы 2547 телефон нүктесін қамтиды. Жаңа стансы сапалы қызмет көрсететін болады. Ауа райының кез келген құбылысына төтеп береді, дейді мамандар. Бұдан былай тұрғындар нөмірді анықтау, интернет жүйесіне кіру сынды қосымша қызмет түрлерін пайдалана алады.